Бұршақ (лат. Pisum) — бұршақ тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы.

Pisum
Pisum sativum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Fabales
Тұқымдасы: Fabaceae
Кіші тұқымдасы: Faboideae
Тайпасы: Fabeae
Тегі: Pisum
Карл Линней

Өсімдік туралы

өңдеу
 
Тұқымы бар бұршақ жемісі (бұршақ)
 
КСРО пошталық маркасы. 1964. КСРО ауыл шаруашылығы дақылдары. Рамон бұршақ 77
 

Отаны — Оңтүстік-Батыс Азия деп саналады. Бұршақ — ерте заманнан өсіріліп келе жатқан дақыл, оның тұқымы тас дәуіріндегі үңгірлерден табылған. Бұршақтың түрлері өте көп. Бір гектар жерден 15-30 центнерге дейін өнім алынады. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен тәжрибе егістіктері 35—40 центнерден өнім алады. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі.

Бұршақтың 7 түрі[1]:

  • Pisum abyssinicum A.Braun
  • Pisum ensifolium Lapeyr. E.H.L.Krause
  • Pisum fulvum Sibth. & Sm.
  • Pisum heterophyllum (L.) E.H.L.Krause
  • Pisum hirsutum (L.) E.H.L.Krause
  • Pisum pumilio (Meikle) Greuter
  • Pisum sativum (L.) — Ас бұршақ немесе екпе бұршақ: біржылдық өсімдік, көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік;

Бұршақтың құрамындағы ақуыз басқа дақылдарға қарағанда көп. Оның ақуызы еттің ақуызымен бірдей, бірақ еттің ақуызымен салыстырғанда жеңіл, тез сіңімді, пайдалы аминқышқылдарынан тұрады. Бұршақ құрамында аскорбин қышқылы көп — 59 мг %, қант, крахмал, өзектер, С, РР, В тобы дәрумендері, каротин, минералдар мен микроэлементтер бар. Бұршақтың нәрлілігі қартоптан 1,5-2 есе артық.

Қолданылуы

өңдеу

Бұршақ жүрек-тамыр ауруы бар адамдардың жейтін тамағының қатарында болуы керек. Жасыл бұршақ адам ағзасына радиоактивті металдардың сіңуіне қарсы тұрады. Бұршақ қатерлі ісік ауруларының, инфарктың, қан қысымы артуының туындау ықтималдығын төмендетеді.

Бұршақты жасыл кезінде жинайды. Одан көже, ботқа жасайды. Түрлі ет тағамдарына қосымша ретінде пайдаланады. Салаттарға қосады. Тап осы бұршақ туралы Гиппократ айтқан: «Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі – тамағымыз болу керек»[2][3].

Дереккөздер

өңдеу
  1. Список видов рода Pisum на сайте The Plant List
  2. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТ БАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
  3. Құлжабаева Г. Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Дәнді-дақылдар: Дидактикалық материал. — Алматы, 2011. — 16 б; ISBN 978-601-7237-34-9

Сілтемелер

өңдеу