Маргарет Арчер

Арчер Маргарет (ағылш. Margaret Archer; 20 ақпан 1943) — әлеуметтану үшін маңызды болып табылатын "құрылым — қызмет" проблемасын қарастыратын белгілі және беделді теориялардың бірі Арчердің морфогенез теориясы. Арчер идеяларының кейбір принципті қағидалары:

Маргарет Арчер
ағылш. Margaret Archer
Туған күні

20 қаңтар 1943 (1943-01-20) (81 жас)

Туған жері

Англия

Қайтыс болған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Ғылыми аясы

әлеуметтану

Жұмыс орны

Уорик университеті
Лозанна федералды политехникалық мектебі
Кембридж университеті
Лондонның экономика мектебі
Папа қоғамдық ғылымдар академиясы

Ғылыми дәрежесі

философия докторы

Ғылыми атағы

профессор

Альма-матер

Лондонның экономика мектебі
Лондон университеті
Париж университеті

Әлеуметтанушы бір жағынан құрылымды (немесе мәдениетті), екінші жағынан қызметті талдамалық тұрғыдан ажырата білуі керек. Бұл — әлеуметтік өмірдің екі жағы. Бұларды ажырамас бірлікте көрсетуді Арчер конфляционизм деп атайды. "Conflation" сөзі "біріктіру", "қосу" және екі мәтінді бір мәтінге біріктіру деген мағынаны білдіреді. Конфляционистер кез келген қызмет құрылымданған, ал құрылымдар қызмет арқылы іске аспаса олар өмір сүре алмас еді дейді деп көрсетеді Арчер бұл жерде үш қисынды мүмкіндік бар. Кейбір авторлар қызмет дегенміз құрылымның эпифеномені деп есептейді. Ал енді біреулері құрылым қызметтің эпифеномені болып табылады дейді.

Бірінші жағдайда "жетілу" "жоғарыдан төмен" болып отыр, яғни қызмет құрылым тұрғысынан автономиядан айырылады;

Екінші жағдайда "төменнен жоғары", яғни құрылым қызмет тұрғысынан автономиядан айырылады.

Үшінші мүмкіндік: құрылым да, қызмет те автономиядан айырылып, жетілу ортасымен жүреді. Морфогенез теориясында Арчер морфогенез және морфостазис ұғымын енгізді. Әңгіме әлеуметтік нысандардың құрылуы мен өмір сүруі турасында болып отыр. Арчер әлеуметтік құрылымда да, мәдениетте де қолданылатын үш топтық тізбекті бөліп көрсетеді: құрылым әсер етушілердің өзара әсер етуіне жағдай жасайды, бұл өзара әсерлер өздерінің ішкі ерекшеліктеріне сай жүзеге асады; нәтижесінде жаңа немесе сырты өзгерген ескі құрылым пайда болады. Арчердің реализм және морфогенез теориясының философиялық базасы қазіргі заманғы ағылшын реализмі, негізінен Р. Бхаскар тұжырымдамасы болып табылатын әлеуметтік онтологияның түбегейлі мәселелеріне арналады. Арчер Бхаскардың философиялық реализмі әртүрлі әлеуметтік теориялардың ортақ тұғырнамасы ретінде таныла алады, онымен қоса Бхаскар әлеуметтік әсердің өзгермелі үлгісі (ӘӘӨҮ) өзінше бір теория ретінде ұсыныла алады деп есептейді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7