Мурджия (Murjiah),-айтарлықтай күнә жасаған адамдарды соттауды кейінге қалдыру туралы ілімді қабылдаған алғашқы мұсылман секталарының бірі, өйткені мұсылман баласы өз дінін жоғалтты ма, жоғалтпады ма оны Алла ғана шешеді.[1]. Мұсылман қауымындағы алауыздық туындаған кезең, 7-8 ғасырларда дамыған секта.

Ауыр күнәсі үшін айыпталғандарды қауымнан қууға және оларға қарсы Джихад жариялауға бағытталған хариджиттердің жауыққан сектасынан ерекшелігі – мурджиттер күнәлі адамдарды Алланың қолына тапсыру керек деп есептейді.

Исламды уағыздаған бірде-бір адам дінсіз деп жариялануы мүмкін емес деп пайымдайды олар. Хариджиттер Омейядтар династиясына қарсы көтеріліске шыққан кезде мурджиттер мұсылман билігіне қарсы көтеріліске шығу қандай жағдай болмасын ақтауға келмейді деп жариялады. Мурджиттер сабырлы болды әрі Алланың сүйіспеншілігі мен рақымдылығын ауыздарынан тастамай жүрді.

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)