Бахрейн: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Content deleted Content added
Өңдеу түйіні жоқ
Тег: Мобильді құрылғы Мобильді нұсқа
Тег: Мобильді құрылғы Мобильді нұсқа
65-жол: 65-жол:
==Тарихы==
==Тарихы==
Бахрейн аралдары туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 3 мыңжылдықтағы деректерде айтылады. Б. з. басында Бахрейн жеке әмірлік болған. IV - VI ғасырларда [[Сасанилер]] мемлекетінің, кейін [[Араб]] халифатының құрамына кірді. XIII ғасырдада Бахрейн әмірлігі тәуелсіздік алғанымен, артынша [[Ормұз әмірлігі]]не қосып алынды. [[XVI ғасыр]]дың басында Бахрейнді [[португалдықтар]] жаулап алса, [[XVII ғасыр]]да [[Иран]]ның қол астына кірді. [[XVIII ғасыр]]дың 80-жылдарында әл-Халиф әулетінен шыққан араб шейһтары Бахрейн әмірлігінің тәуелсіздігін жариялады, бірақ [[XIX ғасыр]]да [[Ұлыбритания]] шейһтармен бірқатар келісімдер жасап ([[1820]], [[1847]], [[1861]] жылдардағы келісімдер), [[1871 жыл]]ы елде өз протекторатын орнатты. [[1880 жыл]]ы және [[1892 жыл]]ы келісімдер негізінде Бахрейн әмірлігі ағылшындардың отарына айналды. [[Бірінші дүниежүзілік соғыс]] ([[1914]]-[[1918]]) кезінде Бахрейнде ағылшын әскери базалары орналасты. [[1932 жыл]]ы [[мұнай]] көздері ашылған соң, елге [[АҚШ]] капиталы ене бастады. [[Екінші дүниежүзілік соғыс]] жылдарында ([[1939]]-[[1945]]) [[Британ]] үкіметі мұнда ірі әскери күштерін ұстап, [[Манама]] қаласын [[Парсы]] шығанағындағы [[Британия]] әкімшілігінің резиденциясына айналды. Араб халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде [[1971 жыл]]ының [[14 тамыз]]ында Бахрейн әмірлігі тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

==Мемлекеттік құрылысы==
Бахрейн әмірлігі — [[конституция]]лық [[монархия]]. Мемлекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы - [[Әмір]]. Заң шығару билігі [[1973 жыл]]ы қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындайды. Атқару билігі Министрлер Кеңесіне жүктелген. Саяси [[партия]]лар мен кәсіподақтар қызметіне тыйым салынған.
==Экономикасы==
==Экономикасы==
Бахрейн әмірлігі экономикасының негізі - мұнай мен табиғи газ. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнімнің 70%-ін мұнай қамтамасыз етеді. Барланған мұнай қоры - 27 млн. тонна, газдың қоры - 240 млрд. м3. [[Мұнай]] өңдеу, [[алюминий]] өндіру, кеме жасау зауыттары бар. Бахрейн әмірлігінде 11 электр станциясы жұмыс істейді. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнім - 5 млрд. доллар шамасында. Ауыл шаруашылығы оның 1%-ін ғана құрайды. Көкөніс, [[құрма]], [[цитрус]]ты жеміс-жидектер, [[жүзім]] өсіріледі. Тамақ өнімдерінің көбісін сырттан сатып алады. Бахрейн әмірлігі - Таяу және Орта Шығыстағы ірі қаржы орталығы. Басты порттары: Манама, [[Сальман]] және Ситра. Негізгі сауда серіктестері: [[Сауд Арабиясы]], АҚШ, Ұлыбритания, [[ГФР]], [[Австралия]], [[Жапония]].

23:15, 2015 ж. қыркүйектің 7 кезіндегі нұсқа

Бахрейн Әмірлігі
араб.: مملكة البحرين
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Біздің Бахрейн»

Тарихы
Тәуелсіздік күні 14 тамыз 1971 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері арабша
Елорда Манама
Үкімет түрі Унитарлы парламенттік конституциялық монархия
Королі
Кронпринці
Премьер-министрі
Хамад ибн Иса аль-Халифа
Салман ибн Хамад ибн Иса аль-Халифа
Халифа ибн Салман аль-Халифа
Мемлекеттік діні Ислам
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 187-ші орын
765 км²
0%
Жұрты
• Сарап (2014)
• Санақ (2010)
Тығыздығы

1 343 000 адам (155-ші)
1 234 571 адам
1626,6 адам/км² (7-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2014)
 • Жан басына шаққанда

34,908 млрд $ (96-шы)
29,146 $ (12-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2014)
 • Жан басына шаққанда

29,028 млрд $
24,281[1] $ (29-шы)
АДИ (2013) 0.815[2] (Өте Жоғары) (44-ші)
Этнохороним бахрейндіктер
Валютасы Бахрейндік динар
(BHD, код 48)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .bh
ISO коды BH
ХОК коды BRN
Телефон коды +973
Уақыт белдеулері +3

Бахрейн әмірлігіОңтүстік-батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мемлекет. Жері - 695 км². Халқы - 1 млн. 343 мың адам (2014 жыл). Астанасы – Манама (160 мыңдай адам). Ірі қалалары: Мұхаррәк, Рифаа, Иса. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін ұстанады.

Мемлекет аумағы 33 аралдан тұрады. Ірілері: Бахрейн, Мұхаррәк, Умм-Наасан, Ситра, Хауар. Жері жазық, шөлді болып келеді. Климаты тропиктік және субтропиктік. Орташа температурасы қыста 18°С, көктемде 25°С, жазда 40°С, күзде 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 90 мм.

Тарихы

Бахрейн аралдары туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 3 мыңжылдықтағы деректерде айтылады. Б. з. басында Бахрейн жеке әмірлік болған. IV - VI ғасырларда Сасанилер мемлекетінің, кейін Араб халифатының құрамына кірді. XIII ғасырдада Бахрейн әмірлігі тәуелсіздік алғанымен, артынша Ормұз әмірлігіне қосып алынды. XVI ғасырдың басында Бахрейнді португалдықтар жаулап алса, XVII ғасырда Иранның қол астына кірді. XVIII ғасырдың 80-жылдарында әл-Халиф әулетінен шыққан араб шейһтары Бахрейн әмірлігінің тәуелсіздігін жариялады, бірақ XIX ғасырда Ұлыбритания шейһтармен бірқатар келісімдер жасап (1820, 1847, 1861 жылдардағы келісімдер), 1871 жылы елде өз протекторатын орнатты. 1880 жылы және 1892 жылы келісімдер негізінде Бахрейн әмірлігі ағылшындардың отарына айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918) кезінде Бахрейнде ағылшын әскери базалары орналасты. 1932 жылы мұнай көздері ашылған соң, елге АҚШ капиталы ене бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1939-1945) Британ үкіметі мұнда ірі әскери күштерін ұстап, Манама қаласын Парсы шығанағындағы Британия әкімшілігінің резиденциясына айналды. Араб халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде 1971 жылының 14 тамызында Бахрейн әмірлігі тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Мемлекеттік құрылысы

Бахрейн әмірлігі — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы - Әмір. Заң шығару билігі 1973 жылы қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындайды. Атқару билігі Министрлер Кеңесіне жүктелген. Саяси партиялар мен кәсіподақтар қызметіне тыйым салынған.

Экономикасы

Бахрейн әмірлігі экономикасының негізі - мұнай мен табиғи газ. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнімнің 70%-ін мұнай қамтамасыз етеді. Барланған мұнай қоры - 27 млн. тонна, газдың қоры - 240 млрд. м3. Мұнай өңдеу, алюминий өндіру, кеме жасау зауыттары бар. Бахрейн әмірлігінде 11 электр станциясы жұмыс істейді. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнім - 5 млрд. доллар шамасында. Ауыл шаруашылығы оның 1%-ін ғана құрайды. Көкөніс, құрма, цитрусты жеміс-жидектер, жүзім өсіріледі. Тамақ өнімдерінің көбісін сырттан сатып алады. Бахрейн әмірлігі - Таяу және Орта Шығыстағы ірі қаржы орталығы. Басты порттары: Манама, Сальман және Ситра. Негізгі сауда серіктестері: Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Австралия, Жапония. Сыртқы саясаты Таяу Шығыстағы жанжалдарды реттеуге, Парсы шығанағында бейбітшілік орнатуға бағытталған. Бахрейн әмірлігі 1992 жылы 28 мамырда Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанмен экономикалық байланыстары дамып келеді.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

  1. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named МВФ
  2. Human Development Report 2013  (ағыл.). United Nations Development Programme (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 тамыз 2013.