Абсолюттік нөлдік температура

Абсолюттік нөлдік температура (absolute zero), Кельвин шәкілі бойынша нөлге тең температура, мұндай температурада термодинамикалық жүйе ең төменгі энергияға ие болады. Бұл температура Фарангейт шәкілі бойынша — 459,67°Ғ немесе Цельсий шәкілі бойынша — 273,15 °С-қа сәйкес келеді және кез келген жүйе үшін теориялық тұрғыдан ең төменгі температура болып табылады. Газ қысым тұрақты болған кезде температураның түсуіне байланысты сығылады. Идеалды газ нөлдік температурада нөлдік көлемге жетуі мүмкін еді. Дегенмен температура абсолюттік нөлден жоғары болса, нақтылы газ газға немесе сұйықтыққа айналады. Абсолюттік нөлдік температурада жүйенің молекулалық (ішкі) энергиясы ең төменгі деңгейде болады, оны басқа жүйелерге беруге болмайды. Кельвин температуралық шәкілі үшін абсолюттік нөлдік температура нөлдік белгі болып табылады, ал бұл шәкілдің басты бірлігі болып Кельвин градусы қызмет атқарады.[1]

Роберт Бойль Абсолют нөл идеясын ұсынған адам.

Абсолют нөл - молекулалардың жылулық қозғалыстары түгелдей тоқталатын кезіндегі ең төмен шекті температура. Бойль-Мариотт заңы бойынша мұндай температура кезінде нақты газдың қысымы мен көлемі нөлге тең болады.[2]

Абсолют нөл табиғатта мүмкін болатын температураның ең төменгі шегі — 273,16 К-ге тең, яғни жүз градустық шкала бойынша алынған нөлден 273,160 төмен. Термодинамикалық температура шкаласының және абсолют нөл температурасының болуы термодинамиканың екінші бастамасы тұжырымынан шығады. Температура абсолют нөл температураға жақындаған сайын жылудың энтропия, жылу сыйымдылығы т.б. сипаттамалары нөлге жуықтайды. Температураны дәл абсолют нөл температураға жақындату — өте күрделі проблема. Дегенмен соңғы кезде абсолют нөл температурасына градустың миллиондық үлесі жетпейтіндей Температура алынды.[3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
  2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8