Луиза Кэтрин Джонсон Адамс, тумысында Луиза Кэтрин Джонсон (ағылш. Louisa Adams; 12 ақпан 177515 мамыр 1852) – Америка Құрама Штаттарының алтыншы президенті Джон Куинси Адамстың жұбайы және 1825-1829 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Луиза Адамс
Louisa Adams
Луиза Адамс
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
4 наурыз1825 жыл — 4 наурыз1829 жыл
Ізашары Элизабет Монро
Ізбасары Эмили Донельсон
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 12 ақпан 1775 (1775-02-12)
Лондон, Англия
Қайтыс болуы 15 мамыр 1852 (1852-05-15) (77 жас)
Вашингтон, АҚШ
Әкесі Джош Джонсон
Анасы Кэтрин Нут-Джонсон
Жұбайы Джон Куинси Адамс
Балалары Джордж Вашингтон Адамс
Джон Адамс II
Чарльз Френсис Адамс
Луиза Кэтрин Адамс
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Өмірбаян

өңдеу
 
Луиза Адамс
 
Луиза Адамс

Луиза 1775 жылы Лондонда дүниеге келді, ол АҚШ-тың шекарасынан тыс жерде туған жалғыз Бірінші ханым. Ол американдық саудагер Джош Джонсон мен ағылшын Кэтрин Нут-Джонсонның қызы болған. Луизаның әкесі Мэриленд штатынды дүниеге келген және Лондондағы АҚШ консул қызметін 1790 жылдан кейін істеген. Луизаның алты әпкесі болған:Энн, Кэролин, Гарриет, Кэтрин, Аделаида және ағасы Томас. Луиза Лондонда және Нант, Францияда өсті. Нанта төрт жасар Луиза әкесімен Францияда саяхаттап жүрген өзінің болашақ күйеуін кездестірді. 

Неке мен балалар

өңдеу

Луиза Адамсты Лондонда, әкесі американдық консул болып тағайындалған кезде қайтадан кездестіреді. Адамс алдымен оның үлкен әпкесіне көңіл аударған, бірақ таңдауы Луиза болды. 1797 жылы 26 шілдеде отыз жасар Джон Куинси Адамс жиырма екі жасар Луизаға Лондондағы Элл Хеллоус Беркингте үйлееді. Адамстың әкесі, Джон Адамс, Америка Құрама Штаттарының президенті ұлының таңдауына көніп, келінді қарсы алады.

Луизаның ата-анасы 1797 жылы Еуропаны қалдырып, Америкаға келеді. Оның әкесі банкроттанған кезде президент Джон Адамс оны АҚШ басылымының директорының орнына отырғызады. Әкесі Фредерикте, Мэриленд штатында 1802 жылы ауыр безгек пен ақыл-ой кемтарлығынан қайтыс болады. Анасы 1811 жылы қаза тауып, Рок-Рикте көмілді.

Джон Куинси Адамс және Луиза Адамстың балалары:

  • Джордж Вашингтон Адамс (1801—1829), қорғаушы
  • Джон Адамс II (1803—1834), президенттің көмекшісі
  • Чарльз Френсис Адамс (1807—1886), дипломат, жазушы
  • Луиза Кэтрин Адамс (1811—1812)

Қалған өмірі

өңдеу

Луизаның басы жиі ауыратын, кейде есін жоғалтып, өте аурушан болды. Некесі кезінде бірнеше түсік тастаған болатын.

 
Луиза Адамс

Ол өзінің екі үлкен ұлын оқу үшін Массачусетсте 1809 жылы қалдырып, екі жасар Чарльз Фрэнсис Адамспен бірге Ресей империясына аттанады. Сол жерде Адамс министр болып жұмыс істеді. Патша сарайының салатанатына қарамастан, ол суық қыстармен, шектеулі дәрі мен әлсіз денсаулықпен күресу керек болды. Кішкентай қыз 1811 жылы туылып келесі жылы қайтыс болады.

Джеймс Монро Джон Куинси Адамсты Мемлекеттік хатшыға тағайындаған соң отбасы 1817 жылы Вашингтон, Колумбия округіне көшеді. Сол жерде Луиза үйіне дипломаттарды және басқа да әйгілі адамдарды шақыратын. Әр сейсенбі күндері кешке музыка ойналып, тетрлық кештер оны керемет атақ әкелді.

1825 жылы Ақ үйге қоныстың қуанышын қатал саясаттық саулау мен оның депрессиясы мұңғартты. Луиза өзінің керемет кештерін ұйымдастыруды жалғастырса да, ол тыныш кештерде кітап оқуды, музыканы шығаруды және арфада ойнауды одан бетер жақсы көре бастады. Бірінші ханым бола тұрып, ол ешкіммен араласпайтын

Луиза Массачусестқа мәнгіге жіберілді деп ойлаған еді. Алайда 1831 жылы күйеуі АҚШ өкілдер палатасында он жеті жыл жұмыс істеуді бастайды. Мезгілсіз екі үлкен ұлының қазасы бәрін қиындатты.

Джон Куинси Адамс олардың некесінде сынақ көп болғаның айтты. Олардың отандық экономика, балалардың оқуы жайындағы ойлары да әртүрлі болғанын мойындады. Бірақ Луизаның әрдайым адал, абай, сезімтал жұбай және қамқор, мейірімді ана болғанын қосады.

Оның күйеуі 1848 жылы қайтыс болады. Содан кейін ол Вашингтонда өзінің өліміне дейін тұрады. Луиза 77 жасында 1852 жылы 15 мамырда қайтыс болып, жұбайының қасына көмілді.  

Әдебиет

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу