Мезосфера (гр. mesos — ортаңғы және sphaіra — шар) — атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында болса, 80 километр төңірегінде — 900°С-қа дейін төмендейді. Мезосфера құбылыстары (температурасы, қысымы тағы басқа) метеорологиялық ракетадағы құралдар күшімен анықталады.[1]

Термин 1951 жылы Географиялық және геофизикалық одақ шешімімен қабылданды. Мезосфераның газдық құрамы атмосфералық қабаттардың төменгі бөлігінде орналасқандар секілді тұрақты және 80% азот пен 20% оттегіден тұрады. Мезосфера төменгі қабаттағы стратосферадан стратопауза арқылы, ал жоғары қабаттағы термосферадан мезопауза арқылы бөлінген. Мезопауза негізінен турбопаузамен сәйкес келеді.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6