Жолақбас айқабақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жолақбас Айқабақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайлар
Тұқымдасы: Acrocephalасеае
Екі-есімді атауы
Acrocephalus schoenobaenus
(Linnaeus, 1758)
Acrocephalus schoenobaenus

Жолақбас Айқабақ - (лат. Acrocephalus schoenobaenus) - торғайлар сабының Acrocephalасеае тұқымдасының сайрағыш құсы.

Таралу аймақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жолақбас айқабақ Қазақстанда республиканың солтүстік және батысындағы қамысты тоспаларда мекендейді.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жолақбас Айқабақт - жоны қошқыл қоңырқай, бауыры сарғыштау саз түстес шағын денелі ала шұбар құс. Оның өзге айқабақтардан айырмашылығы - бастың екі жағында - созылған қара жолағының, айқын байқалатын бозғылт қасының болуы.

Ұясын су жақтағы қалың шөптің, қамыс немесе бұталар өркеніне, ылғалды орынға орналастырады. Аналық салындыдағы қызғылт қоңыр секпілді 4-5 жұмыртқаны 13 күн басады . Аталығымен бірге 13-15 күн балапандарды қоректендіреді. Балапандар ұядан ұшқаннан кейін ұзақ уақыт 19 күнге жуық бірге болады. Жолақбас айқабақ оңтүстікке қыркүйек - қазан айларында ұшып кетеді.

Тән ерекшеліктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Айқабактың аталықтары әр құсқа еліктеген әуезімен асыға сайрап, күйттеу кезеңі қызған шақта көбінесе құсойнақ жасап ұшады. Сонымен қатар аталық қамыс әуеге көтеріліп, қанатын баяу қағады да жоғарыға қиғаш ұшады; шарықтай көтеріліп, бір орында біраз қалтырап тұрады, қанатын өте биік көтергендіктен, оның ұштары жанасқандай болып байқалады; бұдан соң қанатын арқасынан жоғары көтеріңкіреп, құйрығын жоғарырақ қиғаш ұстап, көлбеу қалықтайды - құлдырап келіп, қамыс арасына гүрс етіп құлайды - осылардың барлығын сайрап жүріп орындайды.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]