Зәр өзегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Зәр өзегі тасымалдайды зәрді бірі-қуықтың сыртқа дене. Бұл суретті көрсетеді (а) әйелдер уретра және (б) ер каналының зәр шығару.

Зәр өзегі немесе несепшығар өзегі (лат. urethra) — қуық мойынынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып кететін, несепті (зәрді) қуықтан сыртқа шығаратын өзек. Ол еркек дарақтарда жыныс мүшесі өзегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін, ал ұрғашы дарақтарда — жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс кіреберісін немесе несеп-жыныс қойнауын құрайды. Несепшығар өзегінің қабырғасы түтікше мүше ретінде ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - етті қабықтан және сыртқы - адвентициядан тұрады. Жануарлардың түрлеріне және өзектің басталар, ортаңғы, соңғы бөлімдеріне байланысты, зәр өзегінің кілегейлі қабығын көпқабатты ауыспалы немесе көпқабатты призма тәрізді, болмаса көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Өзіндік тақташаны эластин талшықтарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Етті қабығы бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі ұзынша және сыртқы сақинаша екі қабатынан құралған. Сыртқы қабығы — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN 9965-822-54-9