Каннелтон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Каннелтон (ағылшын тілінде CanneltonПерри округіндегі қала, Индиана штаты (АҚШ). Жер көлемі бір жарым шаршы милядан сәл асады және мың жарым тұрғынымен штаттағы ең кіші қалалардың бірі болып табылады.

Қала өз атауын 1844 жылы алды және кеннель (ағылшын тілінде Cannel) сөзінен шыққан, яғни ертеректе осы аймақта өндірілген жалыны қатты көмірге байланысты осылай аталған.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала Индиананың оңтүстік-батысында Огайо өзенінің жағалауында орналасқан. Климаты субтропикалық әрі муссондық, ыстық ылғалды жазымен және жылы қысымен сипатталатын қала. Қаланың жалпы жер көлемі су бетінің 0,1 шаршы миля (0,26 км²) қашықтығын қосқанда - 1,58 шаршы миля (4,1 км²).

2010 жылы тұрғындар саны 1563 адамды құрады, оның ішінде 687 отбасы, 809 тұрғын үйлер бар. Нәсілдік белгілеріне тоқталар болсақ,  97,4 %-ы  — еуропалық нәсіл,; 0,6 % — үндістер, 0,1 %-ы — афроамерикалықтар, 0,4 %-ы — басқа да нәсілдер, ал 1,3 %-ы — аралас некеден туылғандар. Латынамерикалықтардың үлесі тұрғындардың 0,8 %-ы. Қала тұрғындарының орташа жасы 38,5 жасты құрады. Тұрғындардың 25,3 % -ы 18 жасқа дейінгілер; 8,3 %-ы — 18—24 жас аралығындағылар; 23,7 %-ы — 25—44 жас аралығындар; 27,7 % -ы — 45—64 жас аралығындағылар; ал 14,8 %-ы —  65 жастан жоғарылар. Гендерлік белгі бойынша, ер адам мен әйел үлесі 48,8 % және 51,2 % құрады.

2013 жылғы дерек бойынша қалада 1552 адам тұрған, оның ішінде 786 (50,7 %) ер адам және 766 (49,3 %) әйел адам, орташа жас - 36,5 лет. Әр тұрғынға орташа табыс — 23 585 $, ал әр үйге  — 67 966 $. Бір үйді жалдау үшін шамамен  — 460 $. Қаланың негізгі табыс көзі — жиһаз өндірісі[1]

Танымал тұрғындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көрікті жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мақта иіретін фабрика (жоғарыдағы суретті қараңыз) — ашылу кезінде шығыс штаттардан батысқа қарай орналасқан ірі кәсіпорындардың бірі болды. Сонымен қатар жабылғанға дейін ірі мақта иіретін фабрика болып қалды; қазіргі таңда ғимаратта мұражай орналасқан. АҚШ-тың Ұлттық тарихи ескерткіші (1991 жылдан бері).
  • Каннелтон тоғаны — Огайо өзенінде орналасқан және Каннелтоннан Луисвиллге (Кентукки штаты) дейінгі су деңгейін реттейді. 
  • 710 рейсіне ескерткіш  — қаланың өзінде емес, шығысқа қарай алты милядай қашықтықта, 1960 жылы 17 наурызда Lockheed L-188 Electra ұшағы апатқа ұшырап, 63 адам қаза тапқан аймақта орналасқан. 
  1. Cannelton, Indiana  (ағыл.). Stats about all US cities. Тексерілді, 25 шілде 2015.