Нуакшот

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Нуакшот
араб.: نواكشوط
Әкімшілігі
Ел

 Мавритания

Мэр

Мати Минт Хамади

Тарихы мен географиясы
Координаттары

18°04′42″ с. е. 15°58′28″ б. б. / 18.07833° с. е. 15.97444° б. б. / 18.07833; -15.97444 (G) (O) (Я)Координаттар: 18°04′42″ с. е. 15°58′28″ б. б. / 18.07833° с. е. 15.97444° б. б. / 18.07833; -15.97444 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1957

Жер аумағы

1000 км²

Уақыт белдеуі

UTC-0

Тұрғындары
Тұрғыны

894 403 адам (2013)

Тығыздығы

760,00 адам/км²

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2

MR-NKC

Нуакшот картада
Нуакшот
Нуакшот

Нуакшот (араб.: نواكشوط‎ немесе انواكشوط, фр. Nouakchott) — Мавританияның елордасы. Атлант мұхиты жағалауында Африканың Батысындағы үстіртте, Дакар (Сенегал) қаласының солтүстігінде орналасқан. Халқының саны шамамен 760 мың адамды құрайды (2001 жылғы санақ бойынша). Қаланың атауы бербер тілінен аударғанда «жел соғатын жер» деген мағына береді. Жалпы жер аумағы 1000 км².

Қаланы салу жұмыстары 1957 жылы басталды. 1960 ж. Мавритания Франциядан толық тәуелсіздігін алғанша, кішкене ғана ауыл болған. Мавританияның тәуелсіздігі жарияланған уақытта астананы таңдау мәселесі қиынға соқты. Елдің аймағында ірі қала болмағандықтан, шағын Нуакшот ауылы таңдалды. Сөйтіп қала жаңа ел астанасы болып дами бастады. Нуакшот 1970 ж. құрғақшылықта қашқындардың басты паналаған жері болды, сондықтан халық саны тез өсті.

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нуакшот атауы бербер тілінен аударғанда «желді жер» дегенді білдіреді: бұл мұхит жағалауына жақын, пассаттық жел аймағында орналасқан аймақтың табиғи жағдайларына байланысты.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Теңіз порты мұнай мен мысты сыртқа шығарады. Нубий шөл даласы (Nubian Desert), Суданның солтүстік-шығысына орналасқан. Ливий Шөл дала алқабымен, батысында Ніл арқылы бөлінген. Құмшауыт бархандар мен жартастан тұрады, суларын Нілге құятын мезгілдік өзендермен (вали) қиылысады. Жыл сайынғы ылғалдық дәрежесі 13 см-ден аспайды.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалада халықаралық әуежай, теңіз порты, университет және Ислам әлемін зерттейтін институт бар. Сонымен қатар тамақ және ағаш өңдейтін кәсіпорындар бар.

Жазы құрғақ және ыстық ал қысы жылы болады.

Бауырлас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызықты айғақтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сен-Экзюперидің "Адамзат ғаламшары" деген повесінде Нуакшоттың маңында басты кейіпкердің ұшағы қираған болатын.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Nouakchott