Платон философиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Дельфтердегi платонның мүсiнi

Платон Сократ ілімін ары қарай жалғастырды. Заттарды тек эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға болмайды дейді Платон. Әр заттың өз идеясы, мәні болады. Дүние заттардан және олардың идеяларынан тұрады. Заттар мен идеялар екі түрлі байланыста болады. Заттан идеяға өту, идеядан затқа өту. “Идеялар адамсыз өмір сүре алады” дейді Платон. Идеялар космоста өмір сүреді. Олар затқа қонады, әрі заттарды тастап кете алады. Платон жалпылық туралы ілімін идеалистік тұрғыдан шешті. Жалпылық өз бетінше өмір сүреді дейді. Платон – объективті идеалист. Таным – бұл объективті идеялардың бұрынғы өмірін еске алу.

Платон әлемнің толық суреттемесі болатын концепция түзді. «Тимей атты шығармасында: Дүниеде идея, материя және құдай бар дейді. Құдайды шебер жаратушы дейді. Идея мен материя қоспасынан «демиург» құдай әлемдік рухты жаратып, кеңістікке таратады. Әлемдік рух өзінің бастапқы күйінде стихияларға бөлінеді: от,ауа, жер. “Космос - ақылды тірі жан”, - деп түсінеді. Әлемнің құрылымы мынадай:

  1. Құдыретті ақыл (демиург);
  2. Әлемдік рух;
  3. Әлемдік дене. Болмыстағының бәрі мәңгіліктің көлеңкесі, идеялар дүниесінің бейнесі. Шынайы болмыс - тек идеялар әлемі.

Платонныӊ қоғам туралы ілімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әділетсіз мемлекеттерге

  1. тимократия (честолюбцев власть);
  2. олигархия (власть богатых);
  3. тирания;
  4. бейбасылық пен анархияға жол берген демократиялық мемлекет.

Әділетті мемлекет құру үшін жанның үш бөлігі қатысуы керек:

  1. парасат;
  2. аффректі;
  3. көнгіш (вожделяющие), ұстамды, олар қол өнершілер, шаруалар.

1-ші түрге даналар сәйкес келеді, олар ел басшы бола алады. Аффектті жандар - қайратты, қажырлы, ержүрек адамдар, олар әскери қолбасшы бола алады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.