Септеулік
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Септеулік - функциялық тұрғыдан предлогпен тепе-тең, атауыш сөздерден кейін тұратын көмекші сөздер.
Септеулік септік жалғаумен берілетін тұлғаның грамматикалық мағынасын толықтырады және нақтылайды. Қазақ тілінде септеулік алуан түрлі мағынада кеңінен танылған: күн сайын, үйге қарай, кешке таман, бала туралы, өмір бойы.[1]
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.
Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:
- Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т.б.
- Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы, Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
- ↑ https://itest.kz/kz/ent/qazaq-tili/morfologiya/lecture/shylau-turleri-emlesi
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |