Фуга

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
И.С.Бахтың до минор экспозициясының фугасы

Фуга (лат. fuga — дәлме-дәл жүгіріс, жылдам ағыс) —полифониялық музыкалық шығармалардың түрі.

Фуга бір кейде екі, не одан да көп тақырыпқа негізделіп, белгілі тональдық-гармониялық жүйеде еркін дамиды. Фуга 17 ғасырда өзіне дейінгі полифониялық формалар (канцона, ричеркар, мотет) негізінде қалыптасты. 18 ғасырдың 1-жартысында И.С. Бах (“48 прелюдия мен фугасы”) пен Г.Ф. Гендельдің шығармаларында Фуга кеңінен қолданылды. Фуганың бір тақырыпқа (қарапайым) не екі, үш, кейде одан да көп тақырыпқа (күрделі) құрылған түрлері болады. Музыкада 3 — 4 дауысқа арналған Фугалар кеңінен тараған. Фуганың негізгі 1-бөлімі экспозиция деп аталады. Фуга тақырыбы қысқа әрі ұғымды әуенмен беріледі. Фуга — полифониялық музыканың ең жоғарғы түрі. 20 ғасырдағы музыкада композиторлар П.Хиндемит (Германия) пен Д.Д. Шостакович (Ресей); қазақ музыкасында Е.Рахмадиев (“Алпамыс” операсындағы 1-актінің 1-көрінісінде қолданылған фугетта) пен Б.Баяхунов (фортепьяноға арналған “Прелюдия мен фугасы”), т.б. композиторлар шығармаларында кездеседі.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том