Алматы облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан облысы
Алматы облысы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облыс орталығы

Қонаев

Аудандар саны

9

Ауылдық округтер саны

131

Қалалық әкімдіктер саны

5

Ауыл саны

368

Әкімі

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев[1]

Тарихы мен географиясы
Координаттары

45°00′ с. е. 78°00′ ш. б. / 45.000° с. е. 78.000° ш. б. / 45.000; 78.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°00′ с. е. 78°00′ ш. б. / 45.000° с. е. 78.000° ш. б. / 45.000; 78.000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

10 наурыз 1932 жылы

Жер аумағы

105 263 км² (15- орын)

Биіктігі
 · Ең биік нүктесі


7010 Хан Тәңірі шыңы м

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Экономикалық ауданы

Оңтүстік Қазақстан

Тұрғындары
Тұрғыны

1 505 984[2] адам (2023)(2- орын)

Тығыздығы

14,3 адам/км² (2- орын)

Ұлттық құрамы

қазақтар 72,62 %
орыстар 9,99 %
ұйғырлар 7,99 %
әзербайжандар 2,13 %
түріктер 1,68 %
күрдтер 0,94 %
басқалары 4,65 % (2023 ж.)[3]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 728 xx x-xx-xx

Пошта индекстері

04xxxx

Автомобиль коды

05

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-ALM

Басқалары
Әкімдіктің мекенжайы

Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, №16/4

Алматы облысының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Алматы облысы

Ортаққордағы санаты: Алматы облысы
 Басқа мағыналар үшін Алматы (айрық) деген бетті қараңыз.

Алматы облысыҚазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлігі. Жерінің аумағы 105,3 мың км2. Облыс аумағында 9 аудан және 2 облыстық маңыздағы қала бар. Тұрғыны 1 505 984 адам (2023).

Әкімшілік орталығы — Қонаев қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Жетісу облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Тамғалытас

Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым — Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 – 97 жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 – 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 – 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 – 1967 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі "Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы" № 585 Жарлығына сәйкес 2001 жылдан бастап Талдықорған қаласы облыс орталығы болды.

Облысты басқарғандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аты-жөні Басқарған жылдары
Бәйкен Әшімұлы Әшімов 1968 жыл1970 жыл
Бименді Садуақасұлы Садуақасов 1970 жыл1972 жыл
Әріпбай Әлібайұлы Алыбаев 1972 жыл1978 жыл
Сахан Құсайынұлы Құсайынов 1978 жыл1982 жыл
Әубәкір Тыныбайұлы Тынышбаев 1982 жыл1987 жыл
Владислав Ануфриев 1987 жыл1989 жыл
Анатолий Сергеевич Жигулин 1989 жыл1990 жыл
Сағынбек Тоқабайұлы Тұрсынов 1990 жыл1993 жыл
Серік Ахымбекұлы Ахымбеков 1993 жыл1996 жыл
Өмірзақ Өзбекұлы Өзбеков 1996 жыл1997 жыл
Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов 1997 жыл2001 жыл
Шалбай Құлмаханұлы Құлмаханов 2001 жыл2005 жыл
Серік Әбікенұлы Үмбетов 2005 жыл2011 жыл
Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов 2011 жыл2014 жыл
Амандық Ғаббасұлы Баталов 20 тамыз 2014 жыл25 қараша 2021 жыл
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 24 қараша 2021 жыл10 маусым 2022 жыл
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 11 маусым 2022 жыл
Көлсай көлі
Түрген сарқырамасы
Текелі тауы

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан.

Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).

Геологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген.

Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.

Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтжазық бөлігінде — 10-16°С, оңтүстікте — 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.

Гидрографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Шілікті
Іле
Лепсі
Қаратал
Қапшағай ГЭС-і

Өзендері Балқаш — Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлі: Балқаш, Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-і салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.

Топырағы мен өсімдік дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б. балықтар бар.

Тұрғындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 7,3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м) 1 км2-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км2-ге 2,6 адамнан келеді. Олардың 30,3 пайызы (Алматы қаласын қоспағанда) қалада тұрады. Қалалары: Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқан.

Алматы облысы халқының саны[4] [5]

1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
1 322 194 1 514 807 1 699 054 1 558 534 1 560 267 1 571 194 1 589 751 1 603 758 1 620 696 1 643 278 1 804 005 1 836 162
2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 (1 ақпанға) 2021
1 872 844 1 908 785 1 946 831 1 984 572 1 921 888 1 947 552 1 983 465 2 017 277 2 038 934 2 057 800 1 438 558

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әкімшілік бірлік Орталығы Халқы (2021)[6]
Балқаш ауданы Бақанас ауылы 29209
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы 278581
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы 163052
Кеген ауданы Кеген ауылы 29003
Қарасай ауданы Қаскелең қаласы 307870
Райымбек ауданы Нарынқол ауылы 29941
Талғар ауданы Талғар қаласы 227344
Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы 63598
Іле ауданы Өтеген батыр ауылы 213064
Алатау қаласы 49145
Қонаев қаласы 62971
ЖАЛПЫ САНЫ 1438558

Әкімшілік бөліну тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы облысы 1932 жылы құрылып, құрамына Ақсу, Алакөл, Аягөз, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жаркент, Калинин, Кеген, Қаратал, Қастек, Қоңырат, Қордай, Лепсі, Октябрь, Талдықорған, Үржар, Шет, Шелек, Шұбартау, Шу, Іле аудандары енді.

1933 жылы Бөрлітөбе, Қоғалы аудандары құрылып, Калинин ауданы таратылды. Шет ауданы Қарағанды облысына берілді.

1934 жылы Қоңырат ауданы Қарқаралы округіне берілді.

1935 жылы Андреев, Қаскелең, Красногор, Мақаншы, Сарқан, Ұйғыр аудандары құрылып, Лепсі ауданы таратылды.

1936 жылы Дзержин, Нарынқол аудандары құрылды.

1939 жылы жаңа облыстардың құрылуына байланысты Семей облысына Аягөз, Мақаншы, Үржар, Шұбартау аудандары және Жамбыл облысына Красногор, Қордай, Шу аудандары берілді. Сондай-ақ облыс құрамында Алматы, Қапал аудандары құрылып, Қастек ауданы Жамбыл ауданы болып өзгертілді.

1942 жылы Қоғалы ауданы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы аудан, ал Жаркент ауданы Панфилов ауданы болып өзгертілді.

1944 жылы Талдықорған облысы бөлініп шығып, құрамына Ақсу, Алакөл, Андреев, Бөрлітөбе, Дзержин, 28 гвардияшылар, Қапал, Қаратал, Октябрь, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары берілді.

1957 жылы Алматы ауданы таратылды.

1959 жылы Талдықорған облысы таратылып, Алматы облысына Ақсу, Алакөл, Андреев, Бөрлітөбе, Гвардия, Киров, Қапал, Қаратал, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары берілді.

1960 жылы Бөрлітөбе, 1961 жылы Талдықорған аудандары таратылды.

1963 жылы бұрынғы аудандардың орнына Ақсу, Алакөл, Балқаш, Гвардия, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қаратал, Қаскелең, Панфилов, Сарқан, Талдықорған, Шелек ауылдық аудандары құрылып, Андреев, Киров, Қапал, Нарынқол, Ұйғыр, Іле аудандары таратылды.

1964 жылы Андреев, Ұйғыр, 1966 жылы Нарынқол, Іле аудандары қайта құрылды.

1967 жылы Талдықорған облысы қайта құрылып, оған Ақсу, Алакөл, Андреев, Гвардия, Қаратал, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары берілді.

1969 жылы Талғар, 1972 жылы Күрті аудандары құрылды.

1993 жылы Нарынқол ауданының атауы Райымбек ауданы болып өзгертілді.

1997 жылы сәуірде Талдықорған облысы екінші рет таратылып, аумағы Алматы облысының құрамына енді. Мамыр айында Гвардия, Қапал, Кеген, Күртi, Үйгентас, Шелек аудандары таратылды.

1998 жылы Қаскелең ауданы Қарасай, 2000 жылы Талдықорған ауданы Ескелді ауданы болып өзгертілді.

2001 жылы Алматы облысының орталығы Алматы қаласынан Талдықорған қаласына көшірілді.

2018 жылы Кеген ауданы қайта құрылды.

2022 жылы бұрынғы Талдықорған облысының аумағында Жетісу облысы бөлініп шығып, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшірілді.

2024 жылы Алатау қаласы құрылды.

Этникалық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Алматы облысы халқының жекелеген этностар бойынша саны, 2019 жылдың басындағы мәліметтер]
1989,
ад.[7][8]
%[7] 1999 ,
ад.[9]
% 2009 ,
ад.[10]
% 2019,
ад.[11]
%
барлығы 1642917 100,00% 1558534 100,00% 1807894 100,00% 2038934 100,00%
Қазақтар 741737 45,15% 926137 59,42% 1223181 67,66% 1469519 72,07%
Орыстар 518315 31,55% 339984 21,81% 306383 16,95% 271886 13,33%
Ұйғырлар 128057 7,79% 140725 9,03% 144063 7,97% 157655 7,73%
Түріктер 18352 1,12% 29448 1,89% 35599 1,97% 37564 1,84%
Әзербайжандар 18922 1,15% 16073 1,03% 14881 0,82% 17617 0,86%
Корейлер 18483 1,13% 17488 1,12% 16627 0,92% 14987 0,74%
Күрдтер 8966 0,55% 13264 0,85% 13517 0,75% 15028 0,74%
Татарлар 19551 1,19% 15647 1,00% 13513 0,75% 12448 0,61%
Немістер 94123 5,73% 18927 1,21% 8709 0,48% 8551 0,42%
Шешендер 9304 0,57% 6091 0,39% 5891 0,33% 5874 0,29%
Өзбектер 736 0,04% 2650 0,17% 3581 0,20% 5252 0,26%
Украиндар 29971 1,82% 13512 0,87% 6458 0,36% 3580 0,18%
Қырғыздар 1536 0,09% 1231 0,08% 2174 0,12% 3736 0,18%
Гректер 5016 0,31% 2052 0,13% 1535 0,08% 1520 0,07%
Дүңгендер 570 0,03% 1542 0,10% 1608 0,09% 1269 0,06%
Поляктар 2909 0,18% 2106 0,14% 1221 0,07% 1023 0,05%
Беларустар 4721 0,29% 2053 0,13% 879 0,05% 527 0,03%
басқалары 21648 1,32% 9604 0,62% 8074 0,45% 10898 0,53%

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы облысының экономикалық әлеуеті (потенциал) көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. Өнеркәсіпте электр энергетикасы (1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 пайыз), машина жасау және металл өңдеу (6,5 пайыз), құрылыс материалдары (6,2 пайыз), тамақ өнеркәсібі (38,2 пайыз), ұн, жарма және құрама жем (5,5 пайыз) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991 — 97 ж. өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал ш., құс ш., бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл к-дерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығарылған өнімдерге тері шикізаттары, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6,5 пайыз шамасында (1997).

Жетісу бойынша археологологиялық бағыт және бағдар

Жетісу (Алматы облысы) мәдениет және тарихи түрлі ескерткіштердің болуы территорияның туризмнің дамуына қолайлы жерлердің бірі. Жетісуда бір күннің ішінде барлық табиғи зоналарды шөлдерден Іле Алатауларына дейін баруға болады. Алматының жанында тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатары бар. Бұл бірінші көпсаналы және түрлі образдағы сәулет ескерткіштері: Іле қорғандары және сақтардың алтын бұйымдары, Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлы қалалар және қола дәуіріндегі таулы таулы суреттері (петроглифтер).

Жетісу территориясындағы ежелгі қоныстар

Берілген мекенде ежелгі адамның іздері тұрақ немес еңбектің тасты бұйымдары ретінде сақталған. Мекеннің қоныстануы бірнеше жүзжылдыққа созылды. Бұл малшылар тайпасы болды. Ауа райының жылынуымен қонысты тау бөктеріне аударып, одан кейін Тянь-Шань тауларына орын ауыстыратын. Жетісуда қола дәуірінің бірнеше қоныстары қазылған. Бұл балшық қоспасымен тастан жасалған жердегі қабырғалар тереңдігі 1-2 м шым үйлер және жер кепелері. Осындай қазбаларды Түрген шатқалындағы Асы жерінде (XII –X ғ.ғ.) және Көксу өзенінің бойындағы (X – IX ғ.ғ. Құйған және Талапты қоныстар). Жетісудағы ерте темір дәуіріндегі жүйенің іздерімен ең ірі қоныс Шарын-Сары-Тоғай өзенінің бойында орналасқан. Оның ұзындығы екі метрден астам. Сыртқы көріністе шойын қазанның, ыдыстар, құмыраның, сонымен қатар еңбектің тас құралдары суреттелген.

Жетісу территориясындағы петроглифтері Тамғалы асқан құнды адамзат мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілді.

Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 180 шақырым жердегі түрлі жануарларды, құдайларды суреттейтін 4500 петроглифтерімен ежелгі орны орналасады.

Шатқал б. э.д. XIV-XIII ғ.ғ. құрылған ежелгітүрік және Сақты қола дәуірінің петроглифтерін ұсынады. Суреттер шыңдардың бетінде орналасқандықтан бірден оңай оларды көруге болады.

Ежелгі суретшілер түрлі жауралардың, аңды аңлау көрініс, мифологиялық сюжеттерді суреттеген болатын. Петроглифтер маңызды ақпаратты жеткізу үшін қызмет етті. Бұл өзінідік белгілі жүйе болды. Салатын орындар сакралды болып есептелді. Бұл ескерткіштер ашық аспанның астында орналасты.

АлматыТалдықорған 110 км созылған жол Қербұлак ауылына дейін 13 км қашықтықта Тамғалытас (Жазылған тастар) шатқалы Іле өзенімен қиылысқан жолда орналасты. Бұл жерде будда құдайлардың бейнелері бейнеленген тастарды көруге болады. Бұл мекенге буддизмді миссионерлер әкелген еді. Шатқалдың шыңында қызыл тас укесегі биіктігі оның екіэтажды үймен тең. Онда үш түрлі фигуралар: діни орналасқан, йогтармен тең төрт қолды Будда суреттелегн. Будда жақтарында оның айналатын тағы екі құдайдың бейнесі беріледі. Үш басты құдайдың шығысында вертикалды кесегеде айдаһарлар ханы бейнеленген.

Ойжайлау шатқалы 15-20 км солтүстігінде Қордай орында Кіндіктас тауларында Отар бекетінен батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Ол теңізден 1200 км биіктіктегі кішкене шектелген шоқылар таулы аймақты ұсынады. Ежелгі өзендермен, далаларымен қиылысады. Сол жағалаудағы солтүстік-батыс бөлігіндегі шатқалдарда, шыңдарда петроглиф тер қашалған. Түрік уақытының композициясы шығыста қарай 50- 70 метр. Бұнда екі салт аттылар бейнесі суреттеледі.

Ешкіөлмес жотасы Жетісу Алатауының батыс бөлігі. Бағыттың ені 30 км және Талдықорған қаласынан 30 км қашықтықта созылған.

Жотаның солтүстік жағынан жазық далаға көтеріліп, оңтүстік жағынан Жетісу-Көксу сулы өзендердің бір саласына құяды. Теңіз деңгейінен тереңдігі 1300 м. құрайды.

Ешкіөлмес жотасы және оң жағалуы Көксу өзенінің арасындағы жолында көптеген қола дәуірінен ортағасыр дәуіріне дейінгі археологиялық ескерткіштер қоныс ежелден мекендегенін хабарлайды.

Ерте темір дәірінің қабірлері

Осы уақытта Жетісу аймағында сақ тайпалары қоныстанған еді. Көптеген сақ-көшпенділер қорғандары өзінің мөлшерімен таң қалдырады: диаметрі шамамен 100 метр. Үлкен қорғандарды патшалық деп аталады. Көбі ежелден ұрланған болатын. Ыстық көл қаласының жанында белгілі қорғандар сақталып, жерленген ұлдар және бірнеше жүз алтын бұйымдар табылған.

Бесшатыр қызықты қорғандары Алтын-Емел ұлттық саябағында бір жерде 31 қорған орналасқан. Ең үлкені - диаметрі 108 м, биіктігі 17 м. Қорғандар вертикалды және горизанталды орнатылған жеті тасты топтарымен шектелген.

Қазақстан және Жетісудың ортағасырлы қалалар

Тараз, Түркістан, Отрар ежелгі қалаларына соғатын Ұлы жібек жолы бойынша саяхат қызықты болып келеді. Жетісуда ең ірі Қоялық қаласының қалдықтры (қазіргі Қойлық ауылы) сақталған. Қаланың құрылыс қалдықтары биіктігі 5-тен 10 м дейін және периметр бойынша бірнеше километрге дейін жетеді. Шығыс Жетісудың қаласының жоспарлануы Батыстан ерекшеленеді. Шығыс Жетісу қалашықтарында қамалдар жоқ, болса да мөлшерімен кіші болады. VII ғасырдан бастап Жетісу қалалары салына басталып, олардың көбі X ғасырдан XIII ғасырға дейін салынды. Ортағасырлық қалалар керуен жолдарының бойында пайда болған. Бүгінгі күнге дейін Ұлы Жібек жолының бөліктері сақталды. Мысалы, Тараз қаласынан Құлан ауылына дейін, одан кейін Шу өзенінен Шу даласына дейін созылады. Шу өзенінің даласынан шығыс Жетісуға Қастек асуы арқылы жоғарыда орналасқан Қастек қалашығына дейін созылады.

«Медеу» стадионы

Медеу – Алматыдан 15 км орналасқан бейнелі шатқалы. Сұлу табиғаттан басқа – ең үлкен жоғарытаулы мұз айдыны Медеуді – қаланы селден қорғайтын инженер өнерінің шедеврі Бөгетін көріге болады. Бөгет коллекторының көлемі - 6 000 000 су кубометрі.

Мұз айдынының 1972 жылы 1691,2 биіктікте бүкіл әлемге “сырғанау спортының рекордтарының жиынтығы” деп атайды. Медеу шатқалының жақсы климаты, сәулелі радиация деңгейі, атмосфералық қысым, желсіз, таза мұзды өзен барлық әлемнің туристерін қызықтырады. Қазақстан мәдениеті және тарихи мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енгізілді.

"Алтын-Емел" Ұлттық паркі

Алматы қаласынан 300 км жердегі жабайы табиғатты сүйетіндерге жер үстіндегі жұмақ ашылып – оң жағалаудағы Іле өзенімен Қапшағай суқоймасынан жоғары орналасқан "Алтын-Емел" ұлттық паркі. Бұл мекен бай және ежелгі тарихымен, сақ мәдениетінің ескерткіштерімен құпиялы болып келеді. Саябақтың аймағында ежелгі керуен жолдары өтіп, қазақ хандарының орындары, Бесшатыр моласы (б.э.д. 3-4 ғасырда), ежелгі таулы суреттері, әуенді фонтаны, Қалқанның Үлкен және Кіші таулары, Қаратау және Ақтау тауларының айлы ландшафтары бар “Шолақ” тауы орналасқан.

Белгілі “Әуенді бархан” құмды тауының биіктігі 120 метр және шамамен 3 км ұзындығы саябақтың бір бұрышында өзеннен бірнеше километрде немесе Үлкен және Кіші Қалқан таулары арасында орналасады. Бұл құмды тау ұсақ таза құмнан, желі болғанда тау “ән” салып, даусы бірнеше километрге жетеді және органның даусын еске түсіреді.

Әуенді барханды барып, үш биіктіктің біріне көтерілгенді жақсы көретін туристтер Іле Алатауының жотасы көрінісін көре алады. Егер тау дыбыс білдірмесе, келушілер “дыбыс шығаратын”. Ол үшін таудың бағытымен жүгіру қажет. Аяқ астындағы құмды қозғалтып, гуілдеу жүреді. Кейде бархан дыбыстарды білдіруден басқа жерсілкініс әсерін көрсетіп, дірілдейді. Әнші бархан Іле өзенінің құмынан пайда болды.Екі бағытта да өзенде көзге көрінбейтін Барханның өзіндік құйрықтары тартылуда. Үлкен және Кіші қалқанның бір-біріне желдің әсерінен құмның тас жоталарға соғылып, қоныстануына байланысты қалыптасады. Көптеген ғасырлар мен ғасырлар бойы қуатты құм тау көтерілді, ол шамамен 3-5 мың жыл бойы қозғалыссыз қалады. Барханның биіктігі сол аймаққа белгілі, әрдайым өзгеріп тұратын климатқа, сондай-ақ жауын-шашын мөлшеріне, Іле өзеніндегі су деңгейіне және су астындағы таулардың ағып кетуіне байланысты.

Аксу-Жабағылы

Ақсу-Жабағылы қорығы – ЮНЕСКО қорғауымен Орталық Азияда жалғыз қорық. 70 жылдан астам таулы ормандарда кесілуден, ал өсімдік әлемі өндіріс қалдықтарымен ластанбаған. Айнала көк шөпке толы. Грейг қызғалдағы Қорық символы ретінде таңдалған. Аксу арнасының табиғаты ерекше – алып арнаның ұзындығы 15 км және тереңдігі 500 м. Табиғатының байлығы және түрлі болуы шамамен 1200 өсімдіктер түрлері, 42 жануарлар түрлері, 238 құстар түрлерін қамтиды.

Түрген шатқалы

"Түрген сарқырамасы" – Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамында сұлу шатқалында, Алматы облысының туристер баратын орындарының бірі.

Бағыт Алматы қаласының орталығында басталады. Жолы бұрын керуендердің өтетін жолдарында Еуропаға шығыстан – Қытайдан және Үндістаннан келетін болған.

Түрген шатқалында 7 сарқырама бар. Адамдар көп баратыны: біріншісі “Аюлы” және екіншісі “Тескенсу”. Алғашқы сарқырама (биіктігі 30 метр) жасыл шыршалар және шыңдар арасындағы бейнелі орында орналасқан. Шатқалда шыңдар жерсілкініс кезінде бөлініп, мұзды кезеңге дейін іздерді сақтаған. “Аюлы” сарқырамасына баратын көпірден жоғары 300 метрде “сұлулық көз” мұзды бұлақты суымен бұлақ орналасқан.

Тескенсу сарқырамасы бұлақтан шамамен 2 сағаттық жерде орналасқан. Негізгі ағынның құлау биіктігі – 40 метрді , ал егер жалпы биіктікті санайтын болсақ – 74 метрді құрайды. Шатқал өзінің Шың-Түргендік жердегі шыршалы алаңды түкті құрайтын шыршаларымен белгілі.

Жамбыл мұражайы

Алматыдан батысқа қарай Жамбыл ауылына дейін – 70 км қашықтықты құрайды. Бағыт Алматы-Ташкент жолымен өтеді. Ғасырлар бұрын Қытайдан жерорта теңізіне және Орта Азияға және қайтадан оралатын түйелер жүктерімен, кішкене қоңырауларымен сыңғырлап, белгілі “Ұлы Жібек жолымен” өтетін, қазір бұрынғы автобустар жедел өтеді.

Ұзынағаштан 56 километр жерде автомагистральдан оңтүстікке қарай Жамбыл ауылына жетеді. Жол таудың артында биіктікте сұрғылт граниттен жасалған ескерткіштен басталады. XX ғасырдың 60 жылдарында Жетісудың болашақ губернаторы және орыс әскері подполковнигі Г.А. Колпаковтың жетекшілігімен қазақ әскерімен бірігіп, Ұзынағаштың астындағы Қоқанды хандығын талқандайды. Тарихи жеңістің құрметіне орай алыстан көрінетін монумент салынды. Алматыдан 70 км қашықтықта жол сол бұрылады. Алдарыңызда алмалы саябақтың үстінен сәулелі күмбез Жамбыл кесенесі көрінеді. Теректермен отырғазылған ауылдың бас көшесі ақынның үй-мұражайына әкеледі. 12 бөлмеде экспозициялар орналасып, ғасырлы өмір сүрген халықтың ақынына арналып, оның биографиясымен шығармашылығын сипаттайды. Үй-мұражайдың әйнектерінен кесенеден кейін Майтөбе шоқысының төбесі көрінеді.

Осы жерде Жамбыл жазда күнді жайлауда демалуды жақсы көріп және оны осы жерде жаңа өлеңдерді тудыратын.

Жұлдыздай жарқ етіп...

1861 жылы көктемде қазақтың ағартушысы, географы және этнографы Шоқан Уалиханов, денсаулығына байланысты Санкт-Петербургтегі қызметін тастап, Жетісу еліне қайтып келеді.

Ол өмірінің соңы 1865 жылға дейін Алтын Емел жотасының жоғары таулары Майтөбенің баурайындағы Тезек сұлтанның ауылында тұрған.

Әйгілі ғалым Тезек сұлтан ауылынан алыс емес қыратында жерленген. 1881 ж. оның моласына тасты араб және орыс тілдерінде мәтін төсемнің үстіне жазылып, ал 1958 ж. Қазақстан үкіметі моласының жанында ескерткіш орналастырды. Сатылы постаменттің ортасында граниттен бесметрлі қоладан, қызыл әктастан «Шоқан Уалиханов 1835-1865» деген жазылым қойылды. Ескерткіштің оңтүстік-шығыс бөлігінде Алтын Емел жотасының қабырғасы тұр.

Алматыдан экскурсия бағыты Сары-Өзек станциясына дейін ( 160 км ), одан кейін шығыс бағытта 15 км-ге дейін жүріп, оңтүстікке бұрылу қажет. Алыс жол Май-Төбе өзенінің бойымен созылып, 10 км кейін таулы суреттермен шатқалға өтіп, 10 км кейін Шанханай ауылына әкеліп, одан 2 км (оңтүстік-шығысқа қарай) жерде ғалым ексерткіші көрінетін жол торабына әкеледі. Ескерткіш – мүсінші Хәкімжан Наурызбаевтың жұмыстарының бірі. Шоқанның денесі қоладан құйылған. Ескерткіш өңделген қара габбродан жасалып, ескерткіштің сыртқы жағында Шоқан Уалихановтың суреттері және қазақ ұлттық оюлар қолданған.

Аудандар мен облыстық маңыздағы қалалар
Атауы Халқы,

(адам. 2022 ж.)[12]

алаңы,

км2

Әкімшілік орталығы Халқы,

(адам. 2022 ж.)

Аудандар
1 Балқаш ауданы 28901 37400 Бақанас 6239
2 Еңбекшіқазақ ауданы 283684 8300 Есік 41215
3 Жамбыл ауданы 167380 19300 Ұзынағаш 47544
4 Іле ауданы 264515 7800 Өтеген батыр 32318
5 Қарасай ауданы 323151 2000 Қаскелең 81850
6 Кеген ауданы 28433 Кеген 8628
7 Райымбек ауданы 29377 14200 Нарынқол 6090
8 Талғар ауданы 237869 3700 Талғар 64713
9 Ұйғыр ауданы 63498 8787 Шонжы 22328
Облыстық маңыздағы қалалар
10 Қонаев қ. 70217 3654,03 Қонаев қ. 54907

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының жаңа әкімі болып тағайындалды
  2. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  3. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2023 жыл басына)
  4. Division of Kazakhstan  (ағыл.). pop-stat.mashke.org. Тексерілді, 29 наурыз 2016.
  5. Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012
  6. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  7. a b В современных границах Алматинской области, включая бывшую Талды-Курганскую область и исключая город Алма-Ата
  8. Всесоюзная перепись населения 1989 года. Национальный состав населения по регионам Казахской ССР
  9. Перепись населения 1999 года. Национальный состав населения по регионам Казахстана
  10. Перепись населения 2009 года. Национальный состав населения по регионам Казахстана
  11. Численность населения Алматинской области по отдельным этносам на начало 2019 года Мұрағатталған 1 маусымның 2020 жылы.
  12. 2022 жылғы 1 қазанға Қазақстан Республикасы халқының облыстары, қалалары, аудандары, аудан орталықтары және кенттері бөлінісіндегі халық саны Мұрағатталған 19 қарашаның 2022 жылы.

Сыртқы сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]