Кенже

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кенже шешен (туған-өлген жылдары белгісіз) — Қаракесек руынан шыққан шешен. Ол бірде Абайды Семейде кездестіріп, сөз жарыстырған. Абайдың шешендігіне риза болған Кенже шешен: «Абайжан, жас та, мас та көп, бірақ толғай білер басаз. Қарағым, Абайжан, ақылыңның нұрына сусындағандай болдым», - деп, батасын берген. Ақынжанды, тілге шешен, ойға жүйрік Кенже шешенді Абай да құрмет тұтқан. Кенже шешен туралы материалдар Абайдың Семейдегі мемлекеттік қорық-музейі қорында сақтаулы тұр. Кенже деп қазақ жанұясындағы ең кіші баланы да атайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9