Ларри Сэнгер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ларри Сэнгер
Larry Sanger
Туған күні

16 шілде 1968 (1968-07-16) (56 жас)

Туған жері

Белвью, Вашингтон, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

философия

Жұмыс орны

Bomis, Нупедия, Огайо штаты университеті, Citizendium

Альма-матер

Рид-колледж,
Огайо штаты университеті

Сайты

larrysanger.org

Ларри Сэнгер (ағылш. Larry Sanger, толық есімі Ло́ренс Марк Сэ́нгер, ағылш. Lawrence Mark Sanger; 16 шілде 1968, Белвью, Вашингтон, АҚШ) — Уикипедияның алғашқы негізін қалаушыларының бірі және бас редакторы, "Бомис" компаниясында қызмет еткен кезеңде "Ситизендиум"ді құрастырған.

Ларри Сэнгер АҚШ-тың Вашингтон штатының Бельве қаласында дүниеге келген. Алясканың оңтүстігіндегі Анкоридж қаласында өскен. 1991 жылы Рид колледжінде философия бакалавры атанды. 2000 жылы Огайо Университеті оған философия докторы мәртебесін берді. Сэнгер өзінің ғылыми қызметінде мета-ақиқаты мәселесін зерттеді, оның тезистік эссесі «Epistemic Circularity: An Essay on the Problem of Meta-Justification» деп аталды. 2001 жылдың сәуірінің аяғынан шілденің аяғына дейін Ижевск қаласында өмір сүрді.

2000 жылы "Бомис" компаниясының құрылтайшысы Джимми Уэйлс "Нупедия" (ағылш. Nupedia) ашық энциклопедиясының бас редакторы қызметіне Ларри Сэнгерді жұмысқа шақырды. Мақалалар сараптамалық бағалаудан өткізу арқылы, ғалымдардың ерікті түрде қатысуымен энциклопедия ретінде құрастырылды. Сондықтан да Нупедияның дамуы өте баяу жүрді. Уики тұжырымдамасымен танысқаннан соң Ларии Сэнгер Уэйлске "Нупедияны" толықтыруды жеделдету үшін энциклопедияға қатысты қазіргі тұжырымдаманы қолдануды ұсынды. Бұл басында материалдарды алдын-ала өңдеп, содан соң "Нупедияға" орналастыру мақсатын көздеген "Уикипедия" веб-сайтын құруға әкелді. Осылайша 2001 жылғы 15 қаңтардан бастап Сэнгер Уикипедия тарихындағы жалақы төленетін бірегей редактор болды. Ол бұл қызметті 2002 жылғы 1 наурызда өз өтінішімен кеткенге дейін атқарды. Қызметтен кетудің ресми себебі штат қысқарту деп жарияланды. Уикипедия бас редакторы бола жүріп Сэнгер өзінің бұл жобасына "Уикипедия" атауын ойлап тапты. Сонымен бірге бұл қауымдастықтың негізгі саяси бөлігін, принциптеріоның қауымын құрастырды. Сэнгер отставкаға кеткеннен соң Уэйлс Сэнгердің "Уикипедияның" негізін қалаушы ретіндегі ролін жоққа шығармақ болды. Ол оның еңбегінің маңыздылығын мойындағынымен, Сэнгердің жалдамалы қызметкер ретінде өзінің тікелей басшылығымен жұмыс жасағандығын айтады. Соған қарамастан "Уикипедия" энтуазиастарының көпшілігі Ларри Сэнгерді Джимбомен қатар "Уикипедияның" негізін қалаушы ретінде мойындайды.

Қызметті Доғаруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ларри Сэнгер "Уикипедиядан" кетуін өзінің ерікті түрде жасағанын, себебі оған көңіл бөлуге бос уақытының жоқтығымен түсіндіреді. Кейінірек ол осы жазбаларына "Жобада улы әлеуметтік және саяси ауа райы болғандықтан" онымен бітімге келе алмадым дегенді қосқан. Сэнгердің кетуінен кейін "Уикипедия" өзінің өркендеуін жеделдетіп, Әлемдік ғаламторда ең әйгілі жүз сайттың қатарына енді. "Нупедия" Сэнгердің қатысуынсыз-ақ 2002 жылы өз қызметін тоқтатқан болатын.

Уикипедиядан соң

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызметтен кеткеннен соң Сэнгер ғылым саласына қайтып келді. Қазіргі уақытта Огайо университетінде философиядан дәріс береді.