Росса Аймағы - (ағылш.Ross Dependency) Жаңа Зеландия егеленуге талап ететін Антарктиның секторы, Жаңа Зеландия корольдігінің бөлігі болып есептеледі. Бұл аймаққа 60° о.е. пен 160° б.б. және 150°ш.б. аралығындағы Антарктиканың секторы кіреді. Аймақтың атауы Росса теңізін ашқан британдық теңізші Джеймс Кларк Россаның құрметіне қойлған.
Аймаққа
Виктория Жерінің бөлігі,
Росса мұздығы,
Росса, Баллени, Скотт және Рузвельт аралдары кіреді.
Бұл аймақта жыл бойы жұмыс істейтін 2 ғылыми станциясы бар: Скотт (Жаңа Зеландия) және Мак Мёрдо (АҚШ). Одан басқа 2 ұшып-қону жолағы бар. Қалған мекемелердің жұмысы - маусымдық.