Сергей Данилович Луганский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сергей Данилович Луганский
суреті
Туған күні

1 қазан 1918 (1918-10-01)

Туған жері

Верный, Түркістан АСКР

Қайтыс болған күні

16 қаңтар 1977 (1977-01-16) (58 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақ КСР, КСРО

Мемлекет

 КСРО

Әскер түрі

Кеңес әуе күштері

Қызмет еткен жылдары

1936—1964

Атағы

Авиация генерал-майоры

Әскери бөлімі

270-ші жауынгерлік авиация полкі

Шайқасы

Кеңес-Фин соғысы
Ұлы Отан соғысы

Марапаттары

Сергей Данилович Луганский (1918—1977) — қазақстандық ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (2 қыркүйек 1943; 1 шілде 1944). 1938 жылы Орынбордағы ұшқыштар мектебін, 1949 жылы Мәскеудегі әскери-әуе академиясын бітірген. 1939–40 жылдары кеңес-фин соғысына қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский 390 рет ұшу сапарына шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. 2 рет әуе таранын жасады. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО Қарулы Күштерінің әскери әуе күштері саласында әр түрлі жоғары басшылық қызметтерде болды. Соғыс жылдарында көрсеткен ерліктері үшін Ленин, Александр Невский, 2 мәрте Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз (2 рет) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]