Сыдық Абыланов
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Сыдық Абыланов (1845, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес а. — 1938, Шымкент) — мемлекет қайраткері, журналист, драматург.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Еңбек жолын өз ауылында медресе ашып, бала оқытудан бастаған.
- 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан.
- Т. Рысқұлов ұйымдастырған Қырғыз (қазақ) жастарының революциялық одағының белсенді мүшесі болды.
- Қазан төңкерісін (1917) қолдап, Әулиеата уезінің алғашқы оқу халық комиссары болды.
- 1923 — 24 жылдары Әулиеатада өзі ашқан алғашқы оқу коммунасын басқарды.
- 1924 — 38 жылдары Ташкентте, Қарақалпақстанда, Ақтөбе мен Петропавловскіде, Қызылордада басшы партия және оқу-ағарту саласында басшы қызметтер атқарды.
- 1933 — 38 жылдары республикалық радио комитеті төрағасының орынбасары болды.
- Абыланов “халық жауы” деген жаламен ұсталып, Шымкентте атылды (1938).
- КСРО Жоғарғы сотының әскери алқасының 1958 жылғы 29 маусымдағы шешімімен ақталған.
Оқу комиссары ретіндегі қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абыланов жаңа мектептер ашып, жаппай сауат ашуды жолға қойды.
Журналистикада
[өңдеу | қайнарын өңдеу]“Еңбекші Қазақ” және басқа да газеттерге оқу-тәрбие, тарихи-этнографиялық мәселелері жөнінде мақалалар жазды.
Драматургияда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ театрының қалыптасуына да көп еңбек сіңірді. Оның:
- “1916 жыл”
- “Екіталай” т.б. пьесалары бойынша қойылған спектаклдер (режиссер Ж. Шанин) Қызылордада ашылған қазақ драма театрының репертуарын жаңа жанрлармен байытты.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы