Хорион

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
сыртқы ұрық қабығы

Хорион (грек. chorіon — қабық), бүрлі қабық — жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың ұрық дамуының бастапқы кезеңінде пайда болатын сыртқы ұрық қабығы. Сондықтан хорион тек қағанақтыларға ғана тән. Бауырымен жорғалаушылар мен құстарда хорионды серозды қабық деп атайды. Сүтқоректілерде хорион қабығы тікелей жатыр қабырғасына жанаса орналасып, аналық организм мен шарана арасындағы зат алмасу процесін реттеп отыруға қатысады. Хорион ұрық дамуының бастапқы кезеңінде ұрықтың сыртын қоршап жатқан трофобласт клеткаларынан пайда болып, кейіннен мезодерманың ұрықтан тыс қабатының астыңғы жағына қарай ығысады. Омыртқасыздардың және кейбір төм. сатылы омыртқалы жануарлар жұмыртқасының екінші қабығы да хорион деп аталады.[1]

Хор қыздары — Құран Кәрімде пейішке кіргендердің болашақ жары ретінде сипатталатын жұмақтың пәк арулары. Хор қыздары жел, күн тимейтін шатырда өмір сүреді, оларға адам да, жын да жақындап көрген емес, бейне бір құпия сырлы сауыттағы маржан іспеттес деп сипатталады. “Хор қыздары” термині негізінен Құранның алдыңғы бөлігінде қолданылады, кейінгі жағында “пәк жұбайлар” атауы кездеседі. Хор қыздары бейнесі мұсылман діни уағыздары мен халық діни әдебиетінде кеңінен орын алған. Оны алуан түсті гүлден жаратылған, шыныдай мөп-мөлдір, асыл гауһар нұрын шашқан сұлу қыз түрінде суреттейді. Бірақ ғұламалар Хор қыздары бейнесі бұл дүниедегі тән қызығының дәмін ғана білетін адамның ақыл-сезіміне сыйымды болу үшін айтылған әңгіме ретінде қарап, сонымен қатар жұмақта адамға сыйға тартылар, адамның өлшеулі ақылына сыймас шексіз ләззаттың бар екендігін жоққа шығармайды.

[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том