Қызыл теңіз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қызыл теңіз
Ғарыштан көрінісі
Ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы438 000 км²
Көлемі233 000 км³
Тереңдігі2211 м
Орташа тереңдігі490 м
Орналасуы
21°08′45″ с. е. 38°06′02″ ш. б. / 21.1458° с. е. 38.1006° ш. б. / 21.1458; 38.1006 (G) (O) (Я)Координаттар: 21°08′45″ с. е. 38°06′02″ ш. б. / 21.1458° с. е. 38.1006° ш. б. / 21.1458; 38.1006 (G) (O) (Я)
Қызыл теңіз (Таяу және Орталық Шығыс)
Қызыл теңіз
Қызыл теңіз Ортаққорда

Қызыл теңіз (көне грекше: Ἐρυθρὰ Θάλασσα, Эритра Таласса; араб.: البحر الأحمر‎, Bahr el-Ahmar; ивр. ים סוף‎,Yam Suf; ағылш. Red Sea; тигринья ቀይሕ ባሕሪ, Кэй-Бахри; сомал. Badda Cas) — Үнді мұхитының ішкі теңізі, Араб түбегі мен Африканың арасында тектоникалық алапта орналасқан. Суэц каналы арқылы солтүстік жағындағы Жерорта теңізімен, Баб-әл-Мандеб бұғазынан Аден шығанағына және Араб теңізіне ұласады.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұзындығы 1932 км, енді жері 355 км, ауданы 438 000 км2, су көлемі 251 мың км3, ең терең жері 2211 м, жағасы онша тілімделмеген. Ірі аралдары: Дахлак, Фарасан, Суакин. Қызыл теңіз — дүние жүзіндегі ең жылы (32оС) және ең тұзды (41,5%) су айдындарының бірі. Суы негізінен көкшіл-жасыл түсті.