Tenor қызметіне Tenor мобильдік қолданбасы, Tenor веб-сайты (http://tenor.com), Tenor кеңейтімдері және Tenor API-ы кіреді. Tenor API-ы үшінші тарап құрылғыларымен немесе қызметтерімен біріктірілуі мүмкін, бірақ Tenor-ға қатысты қызметтердің барлығын Google ұсынады.
Tenor-ды пайдалану үшін (1) Google Қызмет көрсету шарттарын және (2) осы Tenor Қосымша қызмет көрсету шарттарын ("Tenor Қосымша шарттарын") қабылдауыңыз керек.
Осы құжаттардың әрқайсысын мұқият оқып шығыңыз. Бұл құжаттар бірге "Шарттар" деп аталады. Шарттарда қызметтерді пайдалану кезінде сіз бен бізге қойылатын талаптар көрсетілген.
Егер Tenor-дың Қосымша шарттары Google Қызмет көрсету шарттарына сай келмесе, Tenor үшін осы Қосымша шарттар басым күшке ие болады.
Осы Шарттардың бір бөлігі болмаса да, ақпаратты қалай жаңартуға, басқаруға, экспорттауға және жоюға болатынын жақсырақ түсіну үшін Құпиялылық саясатын оқып шыққаныңыз жөн.
1.
Мазмұныңыз.
Tenor қызметі мазмұнды жіберуге, сақтауға, қабылдауға немесе бөлісуге мүмкіндік береді. Мазмұныңыз Google Қызмет көрсету шарттарында сипатталғандай, Google үшін лицензияланған. Сондықтан мазмұнды Tenor-ға жүктеп салсаңыз, оны пайдаланушыларға көрсете және олармен бөлісе аламыз. Бұл пайдаланушылар (соның ішінде мазмұнды Tenor API-ы арқылы қолданатын пайдаланушылар) мұндай мазмұнды көре, бөлісе және өзгерте алады.
2.
Тыйым салынған мазмұн.
2.1
Tenor-ды қандай да бір коммерциялық мақсатқа немесе үшінші тараптың пайдасы үшін пайдаланбауыңыз қажет.
2.2
Google Қызмет көрсету шарттарында мәлімделгендей, біз әркім үшін сыйлы ортаны қалыптастыруды қалаймыз. Tenor-ды пайдалану кезінде Бағдарлама саясаттарын және Google Қызмет көрсету шарттарында сипатталған негізгі жүріс-тұрыс ережелерін сақтауыңыз қажет. Нақтырақ айтқанда, Tenor қызметін пайдалану кезінде:
i. қолданыстағы заңды немесе басқалардың құқықтарын бұзатын жүріс-тұрысты насихаттайтын мазмұн, соның ішінде басқа біреудің зияткерлік меншік құқықтарын, жария немесе жеке бас құқықтарын бұзатын немесе заңсыз иеленетін кез келген мазмұн;
ii. басқа тұлғаның алдын ала рұқсатынсыз алынған, ол туралы жеке немесе байланыс ақпараты қолданылған мазмұн;
iii. заңсыз немесе зиянды әрекеттерді немесе заттарды насихаттайтын мазмұн;
iv. алаяқтық сипатындағы немесе жаңылыстыратын мазмұн;
v. жалған немесе кемсітетін мазмұн;
vi. орынсыз немесе порнографиялық мазмұн;
vii. жеке тұлғаға немесе топқа қарсы кемсітушілікті, жанкештілікті, нәсілшілдікті, жеккөрушілікті, алымсақтықты немесе зиян келтіруді насихаттайтын мазмұн;
viii. зорлық-зомбылық немесе күш көрсету сипатындағы, жеке тұлғаға, топқа немесе ұйымға қарсы зорлық-зомбылықты немесе күш көрсету әрекеттерін насихаттайтын мазмұн; немесе