Ма (халық)
Ма | |
контяу | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
25 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Ма - Оңтүстік-шығыс Азиядағы халық.[1][2][3] Вьетнамның оңтүстігінде (Ламдонг, Донгнай провинциялары). Жалпы саны 25 мың адам.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі мен мәдениеті жағынан олар сре, мнонг және стиенгке жақын. Олар ма тілінде сөйлейді.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі анимистік нанымдарды ұстанады.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, мақта, темекі, түйнек, банан), терушілік және аңшылық. Қолөнерден тоқымашылық, өру, ұсталық өнері дамыған.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Патрилинейлік туыстық топтар (нао немесе тум кна), көп балалы отбасылар бар. Неке негізінен патрилокальды, уақытша некелік салт-дәстүрлер, әйелдің құнын төлеу, левираттық, сорораттық және немере туыстарының некесі кең таралған.
Елді мекендер – 3-4 үйден тұрады (мұндай ғимараттардың ұзындығы 100 м жетуі мүмкін). Тұрғын үйлердің екі түрі бар: қадаға орналасқан және жерде. Қадалы үйлердің төбесі төбесі сабанмен жабылған. Мұндай тұрғын үйлердің қабырғалары мен едендері жарылған бамбуктан жасалады.
Ерлер киімі – жиектері кестемен және шашақтармен безендірілген жеңсіз қысқа көйлек. Әйелдер ұзын белдемше мен жемпір киеді. Қолдар мен аяқтардағы көптеген білезіктер, піл сүйегінен сырғалар тағады. Тістерді қаралау дәстүрі сақталған.
Дәстүрлі тағамдары – күріш, көкөніс, кейде балық. Мереке күндері ет жейді. Негізгі сусын - күріш сырасы.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Значение слова «ма» https://kartaslov.ru/%D0%B7%D0%BD%D0%B0%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D1%81%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B0/%D0%BC%D0%B0
- ↑ Ма https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/374962
- ↑ Значение слова ма https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%BC%D0%B0
- ↑ a b народы мира / Ма http://www.etnolog.ru/people.php?id=MAVE