Пасемах

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Пасемах
орта суматран малайлары
Бүкіл халықтың саны

1500

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

малай тілінің диалектісі

Діні

суннизм

Пасемах (өз атауы: орта суматран малайлары)[1] - Индонезияда тұратын халықтар тобы.[2] Сонымен қатар негізгі этникалық топқа жақын халықтар кіреді: ампатлаванг, гумей, киким, кисам, лематанг, мекакоу, пасемах-лебар, семендо, серавет.[3] Жалпы саны 1500 адам.[4]

Пасемахтар австронезиялық отбасына жататын малай тілінің диалектісінде сөйлейді. Мәтіндерін жазу үшін силлабикалық алфавитті (каганга) пайдаланады.[5] Индонезия тілі де кеңінен таралған.

Пасемахтардың көпшілігі сүнниттік мұсылмандар.[6]

Негізгі дәстүрлі кәсібі - күріш өсіру; сонымен қатар жүгері, бұршақ, шай, кофе, темекі өсіріп, буйвол, ешкі, құс өсірумен айналысады. Мәдени жағынан малайларға жақын.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көршілер қауымының басшысы (дусун) — пангеран. Қоғамдық үйлер (бале) ХХ ғасырдың ортасында дейін сақталды. Неке патрилокалды, қалыңмал төленеді.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]